"Демократия институты" үшінші exit poll нәтижесін жариялады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауындағы үшінші exit poll қорытындысы белгілі болды. Мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінің эфирінде "Демократия институты" зерттеу қауымдастығы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауындағы үшінші exit poll қорытындысы белгілі болды. Мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінің эфирінде "Демократия институты" зерттеу қауымдастығы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Exit poll қорытындысы бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей болды:

  • Amanat партиясы – 53,33 пайыз;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 11,26 пайыз;
  • Respulica партиясы – 8,33 пайыз;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,93 пайыз;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,51 пайыз;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 8,87 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,12 пайыз;
  • "Бәріне қарсымын" – 3,65 пайыз.

Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.

66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer