Денис Шәкенов Павлодар облыстық қаржы полициясының бастығы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Шәкенов Павлодар облыстық қаржы полициясының бастығы болып тағайындалды Денис Шәкенов. ©pavon.kz

Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Шәкенов осыған дейін Павлодар облыстық қаржы полициясы бастығы қызметінің міндетін уақытша атқарып келген болатын. Өйткені, осы лауазымды атқарған Мұрат Қабденов сәуір айында өз еркімен қызметтен кету жөнінде өтініш беріп, жұмыстан кеткен еді. Енді ол орынға Д.Шәкеновтің тағайындалғанын аймақ басшысы Қанат Бозымбаев жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссия отырысында мәлімдеді.

Естеріңізге саламыз, аталмыш ведомствоны сәуір айынан бері қаржы полициясының подполковнигі Денис Шәкенов уақытша атқарып келген еді.  Осы уақыт аралығында қаржы полициясы шенеуніктердің араласуымен болған екі жемқорлық істі ашты. Мамыр айында Павлодардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Найдар Вахитовтың жолын кесті. Ол мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспана алуға көмектесемін деген желеумен тұрғындардан 20 мың доллар қаржы талап еткен. Сондай-ақ, қаржы полициясының қызметкерлері ІІД жол-патрульдік қызметінің рота командирін де қамауға алған болатын. Тергеу нәтижесінде полицей өндірушіден 150 мың теңге пара талап етіп, әр ай сайын осындай қаржы беріп тұруға мәжбүрлегені анықталған.   

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети