21 шілде 2018 15:18

Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда тағы бір көлікке шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Денис Тен қаза болған жерден 150 метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы көліктің иесі, Алматы тұрғыны Илья Одегов Facebook парақшасында жазды.


Денис Тен қаза болған жерден 150 метр қашықтықта тағы бір көлікке шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы көліктің иесі, Алматы тұрғыны Илья Одегов Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін түнде, шамамен сағат 03.00-де белгісіз біреулер көлігімнің терезесін шағып, ішіне кірмекші болды. Оқиға Денис Тен қайтыс болған жерден 100-150 метр жерде, үйдің жанында болды", деп жазды Одегов.

Оның айтуынша, бұл үйде тұрып жатқанына көп болған. Көлігі сол жылдардан бері аулада тұрады. "Сызып кеткен кездер, қалпақшаларды, ұсақ-түйектерді алып кеткен кездер болған, бірақ айтарлықтай қастандық болған емес. Оның үстіне, көлігімде құнды зат болмайды, көшедегі шамның тура астында тұр, салонның бос екенін сырттан-ақ көруге болады. Қасымыздағы үйдің қабырғасында камера тұр. Ұйықтаған жоқ едім, көшеден бір дыбыс естіліп, дабыл қаққыш іске қосылды. Терезеден қарасам, көліктің жанында адамдар жүр. Екі жігіт", - деді Одегов.

"Ондай адамдармен бетпе-бет келудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы білемін. Денис Тенмен болған трагедия - осыған мысал. Бірақ түсінбеймін, сенің жеке затыңа тиісіп жатқанын көре тұра, басын құмға тыққан түйеқұс сияқты қалай тығылуға болады. Бұл бәлкім, түйсік шығар, қорғау түйсігі, басқаша әрекет ету өзіңнің әлсіздігіңді, жасықтығыңды мойындап, тұлға ретінде күйрегеніңді білдіретін шығар. Бірнеше жыл бұрын басқа ауданда көлігімнің айнасын ұрлап, мен ойланбастан оларды қуа жөнелдім, бірақ жете алмадым. Ол кезде де, қазір де оларға жетсем не істейтінімді ойлаған жоқпын, ойлағым келмейді де. 

Бұл түні көшеге бұрағыш кілтті қолыма ала сап жүгірдім (басқа немен қарулануға болатынын ойламадым). Көліктің жанында ешкім болмады. Мен қылмыскерлерді қорқыттым, бірақ олар ұзап кетті деп ойламаймын. Қараңғыда ауладан дыбыстар естіліп жатты", - деп жазды алматылық әлеуметтік желіде. 


© Facebook.com/Илья Одегов

Зардап шегушінің айтуынша, ол полицияға арызданған. Алайда бұл іс таңға дейін жалғасқан.

"Түндегі оқиғадағы ең қорқыныштысы - бұл оқиға Денис Теннің көлігінің айнасын шешіп алуға тырысқан күннен бір күн өткенде және тап сол ауданда болғаны. Шуға қарамастан, біздің ауданда қазір полицейлердің жүргеніне қарамастан болып отыр, демек, ұрылар еш нәрседен қорықпайды", - деді ол.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Бүгін, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети