21 шілде 2018 10:01

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, танымал мәнерлеп сырғанаушы әрі халықтың сүйіктісі Денис Тенмен қоштасу рәсімі Алматыда өтіп жатыр. Спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10.00-де басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, танымал мәнерлеп сырғанаушы әрі халықтың сүйіктісі Денис Тенмен қоштасу рәсімі Алматыда өтіп жатыр. Спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10.00-де басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трансляция аяқталды.

11.53

Ішке кіре алмаған адамдар гүлдерін көшеде қалдырып жатыр.

11.27

Адамдар қол соғып, жылап жатыр.

11.24

Спорт сарайының маңында адамдар әлі де қол соғып, Алматы Денис Тенді шығарып салып жатыр...

11.22

11.21

Адамдар қол соғып жатыр.

11.19

Денис Теннің әні ойнап тұр. Табытты әкетіп барады...

11.11

Серік Сәпиев сөз сөйледі: "Дениспен қоштасуға бүкіл әлемнен адамдар келді. Денисті таныған бүкіл спортшылардың атынан көңіл айтқым келеді..."

11.08

Адамдар плакаттар әкелді, біреулер арнайы футболка жасатыпты.

11.06

Болат Жәмішев сөз сөйледі. 

 

11.03

11.01

"Бүгін Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем аза тұтып жатыр. Біз әлемді бұдан да мейірімді және жақсы етуге тырысқан тұлғадан айырылдық", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

10.59

10.57

"Алматы" телеарнасынан трансляция.

 

10.56

10.54

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі. Адамдар Геннадий Головкинге қол соғып, қошемет көрсетті - ол залда, Денис Тенмен қоштасу үшін АҚШ-тан ұшып келді.

10.53

Далада да адам жетерлік.

 

10.51

Қоштасу рәсімі басталды.

10.44

Спорт сарайының трибуналары адамдарға лық толды.

10.39

"Мен 80 жастамын. Мен оның әр жарысында жанкүйер болдым.... Жылағым келеді", - деді Алматы тұрғыны Бекжан.

10.38

 

10.31.

Гүлдер өте көп, біреулер жұмсақ ойыншықтар әкелген. Адамдар Денис Теннің суретіне қарап, көздерінің жасын тыйа алар емес.

10.25

"Алматы" телеарнасынан трансляция.

10.23 

Дениспен қоштасуға Зарина Дияс, Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин және өзге де танымал спортшылар келді.

10.19

10.14 Қыздар "Кешір, Денис" деген жазуы бар қара түсті шарлар әкелді.

10.12

Адамдар Дениспен қоштасып үлгеру үшін тезірек ішке кіргізуді сұрап жатыр.

 

10.11

Адамдар балаларымен келіп жатыр.

10.08

Халық өте көп жиналды.

10.06

Еріктілер жұмыс істеп жатыр: олар адамдарды екі жаққа бөлуге көмектесуде - екі есікке.

10.05

Ыстықтың салдарынан кезекте тұрған қыз өзін нашар сезіне бастады. Жедел жәрдем кезекшілік атқарып, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетеді. 

10.03

"Мен оған "Кешір. Кешір және қош бол", деп айтуға келдім. Мен қатты уайымдадым. Екі күн бойы жыладым. Ол талантты, еңбекқор жас еді. Ол өз Отанында, туған қаласында, тапа тал түсте мерт болды. Өте өкінішті. Менің бүгін мұнда келгенім - міндетім. Халықтың өз қаһарманына соңғы рет "Кешір" деп айтуы міндет", - деп жылады Алтын.

 

Спорт сарайының алдында көлік қоятын жер жоқ, адамдар жаяу келіп жатыр.

Атақты спортшыны ақтық сапарға шығарып салуға Алматы тұрғындары мен танымал адамдар келді - әншілер, музыканттар, шенеуніктер және өзгелер.

Танымал боксшы Геннадий Головкин Денис Теннің жерлеуіне қатысу үшін Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне дайындалып жатқан лагерін үзіп, АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келді.

Қазақстанның барлық қаласында адамдар жиналып, Денис Тенді еске алып, құрмет көрсетіп жатыр. 

Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Оны көлік тонаушылар пышақтап, көлігінің айналарын алып кеткен. Ұрылар мен спортшының арасында жанжал болып, қылмыскерлердің бірі оның санына пышақ салған, Денис Тен өте көп қан жоғалтып, көз жұмды.

Қылмысты жасады деген күдіктілер: Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов, екеуі де ұсталып, қылмыстарын мойындады. Олардың айтуынша, екеуі Денис Тенге пышақпен шабуылдағандарын білмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети