Денис Тен пышақталған жерден суреттер мен видеолар

©Tengrinews.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде полицейлер зерттеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгердің айтуынша, оқиға орнына қазір полицейлер келіп, жұмыс істеп жатыр. Барлығынан жауап алынып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол жолдан қан көргенін айтады. 


Видео: ©Skyview KZ

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын. 

Кейінірек Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылады. "Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты", - деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта спортшыға ота жасалып жатыр.

Ал кейін қалалық ІІД өкілдері спортшыға жасалған шабуылдың мән-жайын айтып берген.

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама