Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істе жедел жәрдем қызметкерлері мен жарақат алғандарды ауруханаға жатқызу мен аурухана таңдау мәселесі тексеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов аурухананы таңдау мәселесін түсіндіріп берді.
"Біз жақсы және дайын мамандары бар ауруханаға жеткіздік. Орталық клиникалық аурухана жедел түрде көмек көрсетпеді. Ол жерде травматология мен қан тамыр хирургиясы жоқ. Қалалық орталық аурухана үш шақырымда, ал орталық клиникалық аурухана 260 метр жерде орналасқан. Елжан Амантайұлы, сізді дәрігерлердің барлық көмекті көрсеткеніне куәландыра аламын. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оның шеңберінде тексерулер, ағымдағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Стандарттар бұзылған немесе бұзылмағанын тергеу барысында біле жатармыз", - деді Біртанов.
Оның айтуынша, жарақаттан өлгендер мен өз-өзіне қол жұмсағандардың сұрағы ведомство өкілдері үшін өте маңызды.
"Бұл мәселені ұлттық деңгейде қарастыратын боламыз. Ең алдымен, барлық мемлекеттік органның қатысуымен Ұлттық үйлестіру кеңесінде ІІД өкілдері мен басқа да мемлекеттік органдар қандай қосымша шаралар қабылдау керектігін қарастырайық", - деді министр.
Осыған дейін вице-министр Ақтаева неліктен Денис Тенді Орталық клиникалық ауруханға жеткізбегенін түсіндірді.