24 шілде 2018 | 13:56

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілер неге бостандықта жүрген?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, қылмыс алдында Денис Тенді өлтірген күдіктілер заңды негізде бостандықта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, қылмыс алдында Денис Тенді өлтірген күдіктілер заңды негізде бостандықта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жасаған қылмысынан кейін олардың бостандықта жүруі қаншалықты заңды? Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң тұрғысынан және біздегі жәбірленушімен жасалған медиация және ымыраласу рәсімдері Қылмыстық кодекстің бабына сай орташа ауырлық дәрежесінде бірнеше рет ұрлық үшін сотта да, тергеу барысында да ымыраласуға рұқсат берілді", - деді Рашид Жақыпов Алстанадағы брифингте.

Ол тергеуге дейінгі органдар осы шешімге наразылық білдіруге құқығы жоқ екенін атап өтті, себебі тараптардың өтініші бойынша істерді тоқтату олардың міндеті.

Сонымен қатар, Рашид Жақыпов заңнаманың өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармады.

"Толыққанды зерттеуді талап ететін сұрақтар бар екенін айтуға болады және қажет болған жағдайда заңнамаға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бірақ бүгінде Қазақстанда гуманизациялау осы тұрғыдан жұмыс істеп жатқандығы факт болғандықтан, бәлкім, бұл қоғамды таңғалдыратын шығар, бірақ барлық шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде қолданылды", - деп аяқтады ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети