Денис Теннің ағасы отбасының атынан қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің ағасы отбасының атынан қазақстандықтарға үндеу жасады © ktk.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ағасы қазақстандықтар мен журналистерге үндеу жасады. Ол спортшыны лайықты деңгейде ақтық сапарға шығарып салуды сұрады, деп хабарлады КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ағасы қазақстандықтар мен журналистерге үндеу жасады. Ол спортшыны лайықты деңгейде ақтық сапарға шығарып салуды сұрады, деп хабарлады КТК.

"Құрметті достар, басымызға қайғы түсті. Денис өмірден өтті. Ол менің жиенім ғана емес, ол лайықты спортшы, ол біздің еліміздің намысын қорғады. Ертең, сағат 10-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қоштасу рәсімі өтеді. Біз оны лайықты деңгейде ақтық сапарға шығарып салуымыз керек. Туған-туыстардан өтініш, ертең барлығы лайықты деңгейде өтсін, барлығымыз Дениспен қоштасу үшін ғана келейік, себебі кез келген тосын жайт, келеңсіздік, бұл әрине, Денисті еске алуға лақтырған бір тас болады", - деді Вячеслав Югай.

Айта кетейік, Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және Астанадағы "Барыс Арена" стадионында өтеді. Рәсім сағат 10.00-де басталады. Танымал спортшымен қоштасуға кез келген адам бара алады. Сағат 10.30-да мәйіт Достық ауылындағы бейітке жеткізіліп, сағат 13.00-де ас беріледі.

Дереккөз: КТК.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети