Денис Теннің өлімінен кейін қоғамдық кеңес Алматыдағы қауіпсіздік мәселесін талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімінен кейін қоғамдық кеңес Алматыдағы қауіпсіздік мәселесін талқылайды Рахман Алшанов

Денис Теннің өлімінен кейін қоғамдық кеңес Алматыдағы қауіпсіздік мәселесін талқылайды. Бұл туралы кеңестің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімінен кейін қоғамдық кеңес Алматыдағы қауіпсіздік мәселесін талқылайды. Бұл туралы кеңестің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл сұмдық қасірет. Жап-жас, жұлдызды шағы, Қазақстанның мақтанышы. Қала орталығында мұндай болады деп кім ойлаған. Қайдағы жоқ көлік айнасына бола. Сұмдық қайғы. Полиция оларды ұстау үшін бар күшін салуы керек", - деп мәлімдеді Алшанов. 

Қоғамдық кеңестің төрағасы Алматыда көлік айнасын ұрлау дерегі көбейгенін айта кетті. 

"Таяуда бір адам ұсталды, оның үйінде 85 айна табылды. Олар ұрланған заттарды сатады. Кімнің сататынын, қайда сатылатынын анықтау керек. Бұған тосқауыл қою қажет. Бұл біздің арнайы қызметтердің қолынан келетін іс. Көп ақылдың да, күш салудың да қажеті жоқ. Біреулер бұл бізнеске жасырын қолдау көрсетіп жүр. Біреу-міреу бұл бизнеспен айналысып жүрген сияқты. Сататын орны да бар. Сол жақтан барлығын анықтау қажет. 20 шілдеде ІІД басшылығын шақырып, қандай шара қабылдап жатқанын сұраймыз", - деді ол.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети