Денис Теннің туыстары мен достары алматылықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің туыстары мен достары алматылықтарға үндеу жасады © Vesti.kz

Денис Теннің жақындары мен достары 2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында көлігін тұраққа қалдырып кеткен автокөлік иелерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің жақындары мен достары 2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында көлігін тұраққа қалдырып кеткен автокөлік иелерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламалар әлеуметтік желілерде таралып жатыр. 

"2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында таңғы және түскі уақытта көліктерін тұраққа қойып кеткен автокөлік иелері, хабарласыңыздаршы! Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық мәлімет жинауға көмек берулеріңізді сұраймыз. Мұндай атышулы істе расында да кінәлі адамдардың жазаланғаны өте маңызды.

Мұнда видеожазба көрсеткен әрбір деталь маңызды! Өтінеміз, видеотіркеу құрылғыларыңыздағы жазбаларды тағы бір қарап көрсеңіздер. Кез келген расталған мәліметке алғыс айтамыз. Аты-жөндеріңізді көрсетпейміз! Кез келген уақытта хабарласыңыздар: 8702 945 55 99 /8701 999 4701", - деп жазған хабарлама авторлары.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети