Денис Теннің анасы қоғамға үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Денис Теннің анасы Оксана Тен қоғамға үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денис Теннің анасы Оксана Тен қоғамға үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Денис Теннің туыстары атынан бүкіл Қазақстан халқына және халықаралық қоғамдастыққа біздің қайғымызды бөлісіп, осы бір ауыр кезеңде отбасымызды қолдағандары үшін алғыс айтамыз.

Ерекше алғысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтқымыз келеді. Президент әрдайым Дениске көмектесіп, қолдады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға және әкімдікке қолдаулары үшін рақмет.

Қайғылы жағдай болғалы бері қазақстандық және халықаралық БАҚ өкілдері бірнеше рет хабарласты. Денистің қазасы әлі күнге ұғынықсыз болып отыр және қазір журналистердің сұрақтарына жауап беру үшін күш-қайрат табу бізге өте қиын.

Біздің қайғымызға және сұхбат беруге дайын емес екенімізге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ұлымыздың атын және ол туралы жақсы естеліктерді сақтап қалайықшы!", - деді Оксана Тен.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro