Денис Теннің өлімі: Ауылдастары Нұралы Қиясов жайлы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Тенді өлтірді деген күдікті 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ауылдастары оның Алматыға көшкенге дейінгі өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Тенді өлтірді деген күдікті 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ауылдастары оның Алматыға көшкенге дейінгі өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктінің ауылдастарының бірі Нұралы Қиясовтың Жамбыл облысы Мерке ауданында тұрып жатқан ата-анасының үйіне барып қайтқан. Оның айтуынша, күдіктінің әкесінің көңіл-күйі жоқ, жабыңқы және болған жағдайға пікір білдіргісі келмеді.

"Түске дейінгі уақытта олардың үйіне барып қайттым. Нұралының отбасы болған жағдай жайлы біледі, сол кезде аудандық ІІБ қызметкерлері де келіп қалды. Соларды шақыртыпты. Анасын көрмедім. Әкесінің айтуынша, әйелі әзірше ештеңе білмейді", - дейді күдіктінің танысы Тұрар.

Тұрардың айтуынша, күдіктінің ата-анасы ажырасқан, бірақ бірге тұрады. Нұралы Қиясовтың екі бауыры бар, біреуі мүгедек.

Ал күдіктінің екінші ауылдасы Нұралы Қиясовтың тек бұзақылығымен есінде қалғанын айтады.

"Нұралы деген жігіт, ол бұзақы. Меркіде тұрғанда бұзақылық жасап жүретін. Колледжде оқыған кезде де бұзақылық танытатын. Көліктерді ұрлап кететін, онымен қоймай, көліктердің терезелері мен айналарын қиратып кететін. Бірақ ол ұсталатын. 2-3 рет аудандық ІІБ-не жеткізілді, есепте тұрады. Әскерде болмаған. Механизаторға оқыды-ау деймін. Бірақ оқуын аяқтамай, Алматыға кетіп қалды. Сонда балалармен бірге тұрды", - дейді ауыл тұрғыны Олжабек.

Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer