14 желтоқсан 2018 | 17:24

Денис Теннің өліміне қатысты іс Алматы сотына келіп түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өліміне қатысты іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Денис Теннің өліміне қатысты іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс 13 желтоқсанда сотқакеліп түсті. Судья Кеңшілік Әбделдинов. Іс бойынша Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаев айыпталушы ретінде өтіп жатыр. 

Арман Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағы, 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары және 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Нұралы Қиясовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Жанар Толыбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 434-бабы бойынша айып тағылған. 

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанау шеберіне автоұрылар қылмыс үстінде ұсталып, шабуыл жасаған. Оқиға Құрманғазы және Байсейітов көшелерінің қиылысында болған. 

Мәнерлеп сырғанаушыға қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен "қоғамдық құқықтық тәртіпті орнатуға белсенді атсалысқаны үшін" медалі берілді. 

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети