ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамаларды және стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ оларды жалпы медициналық практикаға енгізу бойынша функциялары кезең-кезеңмен бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі. Бұл туралы Қазақстанда кәсіби медициналық қауымдастықтарды дамыту мәселері бойынша селекторлық тәртіпте өткен дөңгелек стол отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Ол халықты қанағаттандыратын бәсекеге қабылетті және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру үшін ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді бірлесіп шешуге кәсіби медициналық қауымдастықтарды тартатынын атап өтті.
Елжан Біртанов әлемде кәсіби медициналық қауымдастықтар денсаулық сақтау саласын дамытуда негізгі рөл атқаратынын, 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ҚР ДСӘДМ кейбір функцияларын кезең-кезеңмен кәсіби медициналық қауымдастықтарға беру медициналық қызмет көрсетудің клиникалық және экономикалық тиімділігін, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігін, клиникалық хаттамалар мен стандарттарды әзірлеу бойынша функцияларды беру үшін кәсіби медициналық қауымдастықтардың 204 өкілі оқытылғанын, клиникалық хаттамаларды әзірлеу процесіне кәсіби медициналық қоғамдық ұйымдардың 105 өкілі тартылғанын айтты.
Іс-шара барысында "Денсаулық сақтау секторындағы тәуелсіз сарапшылар республикалық одағы", "Қлттық денсаулық сақтау палатасы", "Республикалық медицина палатасы", Қазақ медецина ассамблеясы басшылары және басқа да ұйым өкілдері талқыланып отырған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Шара қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, оның клиникалық және экономикалық тиімділігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде қарар жобасы қабылданды.
Естеріңізге салайық, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 82 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдың 30 қарашасында Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіби медициналық бірлестіктер өкілдері кірді. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат - емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді.