Денсаулық сақтау министрі Берденовтің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Берденовтің жағдайы туралы айтты Руслан Берденов. Фото: parlam.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бір аптадан астам уақыт бұрын болған еді.

"Пациент ауруханаға түскен сәтте екі хирургиялық бригада төрт сағат бойы қажетті ота жасады. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, өздігінен қозғала алады, бірақ әзірге дәрігерлердің бақылауында", – деді Әлназарова Үкіметтегі брифингте.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети