Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp арқылы тарап жатқан хабарламалардан кейін қазақстандықтарға үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp арқылы тарап жатқан хабарламалардан кейін қазақстандықтарға үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бекшиннің айтуынша, WhatsApp қолданушыларының арасында ақпарат тарап жатыр, онда бір әйел "үрейлі дауыспен" мектепке дейінгі ұйымдарға баратын барлық балаларға менингитке қарсы антибиотикотерапия жүргізуге шақырады.
"Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және әлеуметтік желілерден алынған, расталмаған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Тек министрліктің ақпаратын қолдану керек", - деді Бекшин қазақстандықтарға.
Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын менингитке қатысты 62-424 жағдай тіркеледі, олардың арасында 21-ге дейін адам көз жұмады. Бұл дерт миграциялық тығыз байланыстағы елдерде де тіркеледі. Мысалы, 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер бойынша, Ресейде - 257, Арменияда - 31, Грузияда 39 жағдай тіркелген, демек бұл дерттің қоздырғыштары үнемі айналып жүреді.
"Әдетте, медициналық көмекке кеш жүгінгендер көз жұмады. Олар "алтын уақыттарын" жоғалтып, дерт дендей береді", - деді дәрігер.
Бекшин профилактикалық шараларды атады, олардың арасында қажетті болмаса сауда және ойын-сауық орталықтарына, адам тығыз орналасқан жерлерге, мәдени-көпшілік шараларға, ауасы дұрыс тазартылмайтын жабық мекемелерге баруды шектеу бар.
"Жабық мекемелерде, автобустарда, метро вагондарында және адам көп жүретін өзге жерлерде бір реттік маскаларды киіп жүруге кеңес береміз. Далада маска киюдің қажеті жоқ. Жатын бөлмелердің ауасын жиі тазартып, зарарсыздандыру құралдарымен ылғалды тазарту жұмыстарын жүргізу керек. Тұмаудың белгілері болса - жөтел, түшкіру, тамақтың, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, бөртпелердің шығуы - бірден дәрігерге бару керек. Суық тигізбеу керек, ашығуға, дұрыс ұйықтамауға және күйзелуге болмайды", - деді Бекшин.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда тоғыз адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Бекшин олардың сегізін растады, сонымен қатар, кеше, 2 маусымда Алматы қаласында бес жасар бала менингиттен көз жұмды.