Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer-ді ақылы егу туралы: Бағасы әлі анықталған жоқ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer-ді ақылы егу туралы: Бағасы әлі анықталған жоқ Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer және BioNTech компаниясынан Comirnaty препаратымен ақылы вакцинацияның құны қанша болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer және BioNTech компаниясынан Comirnaty препаратымен ақылы вакцинацияның құны қанша болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният Pfizer 20 доллар тұратынын айтты. Солай ма", - деп сұрады Мәжіліс алаңында журналист.

Цойдың айтуынша, нақты бағасы анықталмаған.

"Қазір бағасы қанша болатыны туралы нақты түсінік жоқ. Есеп әлі жүргізілген жоқ, белгілі бір партияның келгенін көргенде, оның нақты көлемін білгенде ғана нақты бағаны айта аламыз. Әзірше белгісіз. Алдағы 1-2 айда жеткізілім болады. Вакцинаны күтіп отырмыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети