Электрон темекі шегу салдары қатерлі ісікке, тәуелділікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Никотинсіз сұйықтықтың өзі қауіпті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері айтты.
Электрон темекі шегу салдары қатерлі ісікке, тәуелділікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Никотинсіз сұйықтықтың өзі қауіпті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, клиникалық зерттеулер электрон темекі денсаулыққа қауіпті екенін көрсеткен.
"Сұйықтық температурасы көтерілген кезде бу шығаруға арналған жылыту құрылғысы ерін мен ауыздың шырышты қабығының, сондай-ақ тыныс алу жолдарының күйіп қалуына әкеледі. Сұйықтық құрамына кіретін диацетил темекі шегу, тыныс алу жолдарының шырышты қабығын зақымдайды, оның салдары облитерацияланатын бронхит болуы мүмкін. Никотин сұйықтығы психоактив заттың барлық әсеріне ие, сонымен қатар жүректің, орталық жүйке жүйесінің және өкпенің жұмысын бұзады. Тыныс алу жолдарының аурулары пайда болады: көмей, өкпе, ауыз қуысы, тіл, ерін ісігі, өкпенің созылмалы обструктив ауруы және т.б." - деді департамент өкілдері.
Ұйым жасөспірімдер арасында электрон темекінің танымал болуы никотинге тәуелділіктің ерте қалыптасуына әкелетінін, сондықтан вейп темекіге балама емес екенін айтты
"Вейп үйренген адам никотин дозасын қабылдауды жалғастырады, бірақ азырақ көлемде. Тәуелділік жойылмайды. Жаман әдеттен арылуға тырысқанда, оны дереу және толығымен тастау керек. Никотин тұрақты физикалық және психикалық тәуелділікті (биполярлық бұзылыс, депрессия) қалыптастыратын нейротоксиндер мен алкалоидтарға жатады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Сондай-ақ, департамент құрамында никотині жоқ сұйықтықтар зияны туралы ескертті.
"Егер адам никотин қоспай вейп қолдануға тырысса, онда уақыт өте келе оның тұрақты темекі шегуге деген құштарлығы пайда болады. Америкалық тәуелділікті зерттеу орталығының сарапшыларының айтуынша, никотинсіз нұсқасы вейптерге психологиялық тәуелділікті тудырады. Ол кәдімгі темекіге тәуелділік жағдайындағы сияқты, темекі шегу мүмкін болмаған кезде құмарлықты, алаңдаушылықты, көңіл күйдің өзгеруін қамтиды. Тәуелділікті анықтау үшін америкалық орталық дәрігерлері 11 белгіні ескереді, олардың біріншісі - темекіні пайдалану. Егер жыл ішінде 11-ден кем дегенде екі белгі пайда болса, онда бұл нашақорлық бар екенін көрсетеді", - деп қосты Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.
Вейп сұйықтық құрамында антисептик, глицерин, хош иістендіргіштер, бояғыштар ретінде пропиленгликоль бар екені айтылды.
"Сұйықтықты қыздыратын дәрежеде бу пайда болады, ал химиялық заттардың қоспасы қыздырылғанда канцерогендік қасиетке ие зиян қосылыстар пайда болады", - деп қорытындылады дәрігерлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!