Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салу жоспарлары жайлы және көшенің қоғамдық жер санамалмауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салу жоспарлары жайлы және көшенің қоғамдық жер санамалмауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" кодекске сәйкес, онда қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салыну ұсынылған.
"Табак өнімдерін қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады", - делінген кодекстің ұсынылып отырған жаңа редакциясында.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, көшеде темекі шегуге тыйым салынбайды.
"Бұл сөздің анықтамасына тоқталатын болсақ, көше қоғамдық жер болып саналады. Мұнда оған дұрыс түсінік беріліп тұрған жоқ. Блогтарда көшеде тыйым салынатыны жайлы жазылып жатыр. Ал жалпы ол туралы нақты ештеңе айтылған жоқ. Бұл мәселе әлі нақтыланады. Ол жоба ғой, халықпен, сарапшылармен талқыланады. Әрқайсы өз пікірін білдіреді, бізге сауалдарын жолдайды", - деді Профилактика және ауруларды бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Құспекова.
Оның айтуынша, "қоғамдық жер" деген түсінік әлі нақтыланады.
"Қоғамдық жер" деген сөз әлі біздің заңнамамызға енгізіледі. Қазіргі уақытта кодекс жобасы талқыланып жатыр. Мәселені сарапшылармен, ассоциация өкілдерімен талқылап жатырмыз. Нақты белгілі бір шешімге келеміз деп ойлаймын", - деп түсіндірді Құспекова.
Мұның алдында Қазақстанда көшеде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін екені жайлы хабарланған еді. "Меніңше, темекі шегуге барлық жерде тыйым салу дұрыс емес. Өзім шекпеймін және көшеде шегіп жүретіндер маған еш кедергі келтірмейді. Ал автобус, подъезд, әжетхана секілді орындар болса бір жөн. Көшеде темекіге тыйым салудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - деген еді заңгер Сергей Уткин.