Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда ПТР сынамасы оң нәтиже берген 984 079 коронавирус инфекциясы және ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 83 732 жағдай тіркеліп, науқастардың 96 пайыздан астамы жазылып шықты. 18 852 науқас емделуін жалғастырып жатыр.
"Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр, бірінші компонентпен 8,9 миллионнан астам адам егіліп, ересек тұрғындардың 78,3 пайызын қамтыды, екінші компонентпен 8,4 миллионнан астам адам егілді, ересек тұрғындардың 73,8 пайызы қамтылды" - деді Бүркітбаев.
Министрдің міндетін атқарушы бірінші компонентпен халықтың 48,1 пайызы, екінші компонентпен 44,5 пайыз қамтылғанын айтты.
"Бүгінгі күні Pfizer вакцинасымен 235 117 адам вакцинацияланды, оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйелдер бар. Екінші компоненті - 66 017 адам. Вакцинация жалғасады", - деді ол.
Бүркітбаевтың айтуынша, ревакцинацияны 303 мың қазақстандық алған.
"Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес, республикада желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдайды тіркей отырып, оптимистік сценарий іске асырылды. Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, жағдай министрліктің бақылауында", - деп қорытындылады денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!