Денсаумин дәрігерлерді даярлаудың жаңа ережелерін енгізбек: не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаумин дәрігерлерді даярлаудың жаңа ережелерін енгізбек: не өзгереді? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі резидентураны ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлуді қарастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі резидентураны ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлуді қарастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, дәрігерлерді даярлау жүйесіне енгізілген өзгерістер балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

"Енді резидентура бірқатар аса қажет мамандықтар бойынша ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлінеді. Бұл шешім балалар мамандарының тапшылығын азайту қажеттілігімен байланысты. Жаңа өзгеріс балалардағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алуға заманауи білім мен клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, неғұрлым кешенді әрі нақты тәсілді қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, резидентураны бөлуге басты себеп – ересектер мен балалардың анатомиясы, физиологиясы, аурудың клиникалық көріністері, сондай-ақ диагностикалау және емдеу әдістеріндегі айырмашылықтар.

"Жаңартылған даярлау жүйесі аясында резидент-дәрігерлер 27 жаңа балалар бағыты бойынша оқи алады. Олардың қатарында – балалар кардиологиясы, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, балалардың жақ-бет хирургиясы, жасөспірімдер дерматовенерологиясы, балалардың пластикалық хирургиясы, андрология және урология және басқалар бар", – деп толықтырды ведомство.

Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша әскери дәрігерлерге арналған бағыттар тізіміне "әскери терапия" және "әскери хирургия" сияқты мамандықтар енгізілді. Бұл армияда қызмет ететін білікті медициналық кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети