Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай Ақтөбедегі терактіден кейін имамдарды қатаң тәртіпте тағайындауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай Ақтөбедегі терактіден кейін имамдарды қатаң тәртіпте тағайындауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мысалы, діни оқу орындарын бітірген түлектер ғана имам бола алады. Бізде оларды оқытады. Кезінде 90-жылдары түрлі мемлекетте оқығандар, мысалы Пәкістан, Ауғанстанда білім алғандар елімізде имам немесе діни ұйымдардың, бірлестіктердің басшысы болмауы тиіс. Бұл мәселеге өзгертулер енгізу керек", - деді депутат Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында.
Серік Ақылбайдың айтуынша, діни ұйымдардың өкілдерімен өткізілетін кездесулерге байланысты ережерлерді қайта қарап шығу қажет.
"Олар көшеде кездеспеуі керек: өз пікірлерін айтып, өз жағына тартып немесе басқа мұсылмандарды оларды дұрыс намаз оқымайды деп кінәлауға болмайды. Белгілі бір тәртіп болуы керек", - деп пікір білдірді депутат.
Айта кетейік, бүгін сенатор журналистермен кездесу барысында лаңкестік әрекет жасағандарды өлім жазасына кесу керектігін мәлімдеді.