Депутат әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясын "колхоз және мамбетизм" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясын "колхоз және мамбетизм" деп атады Дариға Назарбаева. ©Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясын "колхоз және мамбетизм" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясын "колхоз және мамбетизм" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы "әлемдік деңгейдегі колледж" деген атаудың өзі құрметті Остап Бендердің "Нью-Васюки" атты ірі жобасын еске салады". "Әлемдік деңгейдегі" деген сөз - бұл "колхоз және мамбетизм", шынымды айтайын! "Әлемдік деңгей" деген не? Бізде не индустрия әлемдік деңгейде гүлденіп жатыр ма?", - деп мәлімдеді ол Мәжіліс комитетінің "Кәсіпқор" холдингінің қызметі жөніндегі отырысында. 

Холдинг басшысы Елдана Сәдуақасованың айтуынша, әлемдік деңгейдегі бір колледжге 30 миллиард теңге қарастырылған, оның 17 миллиард теңгесі - құрылыс-жөндеу жұмыстарына және 12,8-і құрал-жабдыққа жұмсалады. 

"Сонда 2 жобаға бөлінетін 60 миллиардтың шамамен 26 миллиарды құрал-жабдыққа және құрылыс-жөндеу жұмыстарына 34 миллиарды кетеді. Ал егер осы 34 миллиардты жұмыс істеп тұрған колледждерге жұмсасақ? Осылай болса шаруашылыққа ұқсамайтын ба еді?", - деген сұрақ қойды Назарбаева.

Оның сөзін депутат Гүлмира Исімбаева қостады. "Тәжірибесі бар, керемет мамандары бар, бірақ тұрмыстық, базалық, өндірістік қолдауы жоқ колледждерге беріп, бұдан не шығатынын байқап көрсек. Мұндай мамандары, жетекшілері барлардан нәтиже шығар еді, олар 1997-1998 жылдары барлық қиындықтан өтті, сол кезде олар тәлкекке түсіп тұрса да бәрін бастан өткеріп, осындай жүйе жасап шықты. Оларды жабдықтасақ, менің ойымша, бізге қажетті деңгейді көрсететін еді", - деді депутат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети