Депутат Алматы облысының әкімін отставкаға жіберуді сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Алматы облысының әкімін отставкаға жіберуді сұрады Бақытжан Базарбек, Марат Сұлтанғазиев. Фото:parlam.kz, gov.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Алматы облысы әкімін отставкаға жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Алматы облысы әкімін отставкаға жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғамға берілген уәдесін орындамағаны үшін мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің отставка жіберуді сұраймын!" – деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында.

Депутат әлеуметтік желіде видео жариялап, мәселелерге неге үнемі Мемлекет басшысы араласуы керек екенін, осы кезде оқу-ағарту министрі қайда болғанын айтып ашуланды.

"Неге (Бағанашыл балалар үйіне қатысты – еск.) мәселені оқу-ағарту министрі нақты әрі ашық қарауға қоймай отыр? Бұл – балалар үйі ғой. Бұл мекеме тек әкімдікке ғана емес, оқу-ағарту министрлігіне де бағынышты. Мұны министрлік үйлестіруі тиіс. Бейсембаев мырза (оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев – еск.) қайда?" – деді Бақытжан Базарбек.

Депутат балалар үйі төңірегіндегі бүкіл жағдай ашық болмағанын және ғимаратқа қатысты қорытынды жарияланбағанын тағы да атап өтті.

"Неге тіпті Мәжіліс депутаты да бұл қорытындымен таныса алмайды? Неге бұл қорытындыны жасырып отыр?" – деп сұрады Базарбек.

Сонымен қатар, депутатты неге бұл жағдайға балалар үйі ғимаратының апатты күйін тексеру үшін "ҚазҚСҒЗИ" (құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты) тартылмағаны таңғалдырды.

"Неге бұл қорытындыны түсініксіз бір жеке ЖШС жасап отыр?" – деп наразылық білдірді Базарбек.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдан Қонаевқа "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру ісіне араласқан болатын. Оның тапсырмасы бойынша балаларды көшіру тоқтатылды. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі тарапынан қызметтік тексеріс тағайындалды.

Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру жанжалмен аяқталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети