12 қазан 2022 14:27

Депутат Алматыдағы орман алқабына қатысты мәселемен бас прокурорға жүгінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бас прокурорға жүгініп, Алматы әкімдігінің бұрынғы басшылығы орман алқабының бір бөлігін тұрғын үй құрылысына бергені туралы ақпаратты тексеруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бас прокурорға жүгініп, Алматы әкімдігінің бұрынғы басшылығы орман алқабының бір бөлігін тұрғын үй құрылысына бергені туралы ақпаратты тексеруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың бұл сауалына заңгер, жер мәселелері жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбектің Facebook-тегі жазбасы себеп болған. Ол Алматы әкімдігі Медеу табиғи саябағының бесінші бөлігін ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесінен айырып, оны тұрғын үй құрылысына бергенін мәлімдеді, соның ішінде Бутаково шатқалы мен Іле Алатауы бөктері бар.

"Біздің ақпарат бойынша, бірқатар меншік иелері СЖТ алған, элиталы коттедждер, демалыс аймақтары, қонақүйлер, таунхаустар мен пентхаустар жобасын келісіп, құрылысқа рұқсат алуды күтіп отыр", - деді заңгер.

Азат Перуашев бұл аумақта бірегей флора мен фаунасы бар қалың табиғи орман барын атап өтті.

"Базарбек Алматы әкімдігінің бұрынғы басшылығы 2021 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен Медеу табиғи саябағы аумағының 20 пайызын тұрғын үй құрылысына бергенін айтты. Бұл ретте саябақ басшылығына ескертпестен. Автор бұл Экологиялық, Орман, Жер кодекстерінің талаптары мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматының Іле Алатауындағы тау бөктерінде құрылысқа тыйым салу туралы тапсырмасын бұзды деп есептейді. Осы ақпаратты тексеріп, расталған жағдайда прокурорлық ден қою шараларын қолдануыңызды сұраймыз", - деді Перуашев бас прокурор Берік Асыловқа.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети