Депутат “Алтын орданы“ және Болат Назарбаевтың ұлының активтерін тексеруді талап етті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат “Алтын орданы“ және Болат Назарбаевтың ұлының активтерін тексеруді талап етті Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкіне тексеріс жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкіне тексеріс жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, жуырда Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылып, бұл мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған.

"Оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды. Ең бастысы оның барлық банк шоты бұғатталып, компания кірісін және жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды", - деді ол.

Ринат Зайыт мәселе мұнымен бітпейтінін айтты.

"Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі дерек айтылып жүр. Әсіресе, атышулы "Алтын орда" базарына қатысы жиі сөз болады. Алайда бұл нысандардың тәркіленген активтер қатарында бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі бұл мәселелердің нақты жай-жапсары ашық түрде жарияланбаған. Сот шешімдері шыққанымен, процестер жабық түрде өтуі қоғамда алаңдаушылық туғызады. Өйткені активтердің қайтарылғаннан кейінгі тағдыры, олардың халыққа нақты пайдасы, жұмыс орындары сақталуы сияқты мәселелер түсініксіз қалып отыр", - деді депутат.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Бас прокурор Берік Асыловқа мынадай сауалдар жолдады:

  • Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі компаниялар мен активтерге түгендеме жүргізіп, оның заңдылығын анықтау, заңсыздарын мемлекет меншігіне қайтару.
  • Қайтарылған заңсыз активтер және олардың пайдаланылуы бойынша толық ақпаратты жұртшылыққа қолжетімді ету.
  • "Алтын орда" базары және Алматы қаласы, Алматы облысындағы заңсыз иеленген жер телімдері бойынша тергеуді бастау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети