Депутат: Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныстар болды

03 Наурыз 2017, 15:06
1
Депутат: Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныстар болды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының атауын Елбасы атауына өзгерту туралы ұсыныс жасаған депутат Бақытгүл Хаменова Астана әуежайына Назарбаевтың атын беру туралы ойын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияда біз еліміздің Конституциясына Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін айтып, сондай-ақ, елордаға және еліміздің басқа да маңызды нысандарына Елбасының есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатынбыз. Конституциялық реформаның жобасын бүкілхалықтық талқылауға салу барысында азаматтарымыз осы ұсынысты қолдайтыны жайлы пікір білдірген еді. Тұңғыш Президентіміздің есімін Астана халықаралық әуежайына және басқа да нысандар мен кәсіпорындарға беру туралы ұсыныстар айтылды", - деді депутат Хаменова.

Депутаттың айтуынша, негізгі заңымызда Тұңғыш Президентіміздің баға жетпес рөлі мен оның маңыздылығын көрсету қажет. Депутат Конституцияның 91-бабының 2-бөлігіне еліміздің құндылықтары жайлы, сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған әрі көшбасшымызға қатысты өзгертулер енгізу керек.

Еске сала кетейік, осыған дейін депутат Бақытгүл Хаменова елорданың атауын Елбасы деп өзгертуді ұсынған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай