Депутат Бапи Болат Назарбаевтың ұлына қатысты істі қайта қарауды талап етті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Бапи Болат Назарбаевтың ұлына қатысты істі қайта қарауды талап етті Фотоt.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол тарапынан рейдерлік әрекеттер болғанын мәлімдеп, оған қатысты қылмыстық істі қайта жандандыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол тарапынан рейдерлік әрекеттер болғанын мәлімдеп, оған қатысты қылмыстық істі қайта жандандыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, оған зардап шеккен азаматтардан бірнеше рет шағым түскен. Бұған дейін ол бизнес пен жерді тартып алу деректеріне қатысты Бас прокуратураға сауал жолдаған.

"Әділет іздеген бір емес, екеу емес, бір мыңнан аса адамнан - Алматы облысы Қарасай ауданы бұрынғы Каменское мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының атынан түскен өтінішті мен үш рет депутаттық сауал ретінде жолдағаным осында отырған әріптестерімнің есінде болар. "Мықтының арты диірмен тартады" дегендей, ағасын арқаланған Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының жекешелендіруге берілген 9 мың гектардан аса жер үлесін тартып алғаны жөніндегі менің депутаттық сауалым Бас прокурордың алдында да сөз болған еді. Бірақ одан әділетке лайық нәтиже болмады", — деді Бапи.

Депутаттың айтуынша, жуырда оған Қарағанды тұрғыны жүгінген. Ол рейдерлік басып алу салдарынан бизнесінен айырылғанын айтқан. Бапидің сөзіне қарағанда, 2022 жылы азаматтың арызы бойынша Алматы прокуратурасы мен Экономикалық тергеулер департаменті қылмыстық іс қозғаған, бірақ екі жылдан соң "қылмыс құрамы болмағандықтан" істі жапқан.

Депутат Бас прокурорға сауал жолдап, тергеуді қайта бастауды талап етті.

"Қайтадан көтерілген сол істің заңды нәтижесі жөнінде мені ғана емес, бұрынғы биліктің Нұрбол Назарбаев сияқты қиянатшыларынан зардап шеккен қоғамды да хабардар етсеңіз деп сұраймын. Заңсыздықтан зәбір көрген азаматтарға қорған болайық, Бас прокурор мырза!" — деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети