Депутат Павел Казанцев бензин тапшылығына байланысты премьер-министр қолданған кадрлық шараларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Павел Казанцев бензин тапшылығына байланысты премьер-министр қолданған кадрлық шараларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кадрлық шараларды, әрине, қолдану керек, мен де премьер-министрдің ісін қолдаймын, өйткені жанармай бойынша мәселені шешудегі нәтижесі төмен жұмысқа ары қарай шыдау мүмкін емес. Бірақ бұл мәселені шешпейді. (...) Бозымбаев шамамен кеше өз ұстанымын көрсетті, ал енді ары қарай не істейтінін ары біледі. Дегенмен оның жылдам және шешімді әрекеттеріне қарау керек", - дейді депутат.
Казанцев энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың жұмыстан босатылуына қатысты ештеңе айтпады. Оның сөзінше, жанармай тапшылығы үшін кім жауапты екенін премьер-министрге көбірек белгілі.
"Бүгін оралда бензин литрі 200 теңгеге жетті, БАҚ жазып отыр, ал бұл мүлде күлкілі емес. Әзірше жағдай түсініксіз. Үкімет қысты қайтадан түсініксіз жағдайда қарсы алып отыр. Мұнай өндіру зауыттары жыл сайын жөнделіп, жыл сайын жанармай қоры жиналмайды. Жүйелі шаралар қажет", - дейді депутат.