Депутат Дайрабаевтың балаларына қатысты іс Мәжіліс абыройына әсер ете ме? Қошанов жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Дайрабаевтың балаларына қатысты іс Мәжіліс абыройына әсер ете ме? Қошанов жауап берді Фото:t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс кулуарында журналистер спикер Ерлан Қошановтан парламент палатасындағы балалары қылмыстық жауапкершілікке тартылған депутат Жигули Дайрабаев туралы пікірін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында журналистер спикер Ерлан Қошановтан парламент палатасындағы балалары қылмыстық жауапкершілікке тартылған депутат Жигули Дайрабаев туралы пікірін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шыққан болатын.

"Жигули Дайрабаевқа ешқандай заң бойынша сұрақтар жоқ", - деді Мәжіліс спикері.

Артынша, Ерлан Қошанов бұл жағдай Мәжіліс абыройына қалай әсер ететіні туралы ойын айтты.

"Менің ойымша, зардап шекпейді (Мәжіліс абыройы-еск.)", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, биыл сәуірде №2 қалалық соты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар жасаған алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру туралы қылмыстық істі кең ауқымда қарағаны белгілі болды.

Төрт адам сотта отырды. Олардың арасында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары да болды.

"Кәсiпкерлер субсидиялау ережелерiн бұзып, сатып алынған "Альбион" құлпынай көшетiне (шаруа қожалықтарына тiркеу) мемлекеттiк субсидия алып, олардың кейбiр бөлiгi алаяқтық жолмен ұрланып, жеке мұқтаждықтарына жұмсалып, сол арқылы мемлекетке 550 миллион теңге залал келтiрген. Іс бойынша жиналған айыбы дәлелденген.

Дәлелдер: куәлардың айғақтары, бейнежазбалар, сараптама қорытындысы, заттай дәлелдемелер және т.б.

Кейінірек Жигули Дайрабаевтың өзі ұлдарының сот үкіміне қатысты жағдайға байланысты көпшілік алдында пікір білдірді. Ол балаларын кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети