23 қараша 2016 | 11:19

Депутат елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Осыны ескере отырып, елордада "Тәуелсіз Қазақстан" монументін орнату керек. Конституциямызда Мемлекет басшысы әрі Қазақстанның тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін атап көрсетуді ұсынамын. Сондай-ақ, елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. Біздің мақсатымыз - Елбасының жанында ынтымақта өмір сүріп, Мәңгілік Елдің құндылықтарын сақтай отырып, соның барлығын ұрпақтарымызға қалдыру. Бізде тәуелсіз Қазақстан бар. Тәуелсіздік - біздің басты мақсатымыз және солай болып қала бермек", - деді депутат Сұлтанов.

Айта кетейік, Астана қаласын өзгерту туралы ұсыныстар 2013 жылы да болған еді. Онда Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев елорданың атауын Нұрсұлтан деп қоюды ұсынған болатын. Ал 2009 жылы Әзірбайжан елшісі Астана қаласын Сұлтан-Ата деп өзгертуді ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети