Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің саясатын сынға алды. Ол жәрдемақыны еселеп көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің саясатын сынға алды. Ол жәрдемақыны еселеп көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азық-түлік өнімдеріне, қызметтерге, коммуналдық тарифтерге бағаның тұрақты өсуі және жалпы өмір сүру құнының қымбаттауы жағдайында мүгедек адамдардың, бала тууға байланысты демалыстағы аналардың, көпбалалы және жас отбасылардың, зейнеткерлердің және халықтың басқа да топтары арасынан шыққан миллиондаған қазақстандық үшін мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақының артуы өзекті болып отыр.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі, бұл - 41 пайыз. Бірақ, сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік бойынша жәрдемақыны, бала тууға байланысты жәрдемақыны және баланы бір жасқа дейін күту бойынша ай сайынғы жәрдемақыны сәйкесінше арттыру мәселесін көтермейді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, ең төменгі зейнетақы және т.б.", - деді вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат.
Ол 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемнің барлық түрін небәрі 5 пайызға арттыру көзделгенін түсіндірді. Депутат бұл көрсеткіш азық-түлік, киім-кешек, қызмет көрсету және тарифтердің нақты өсуін айтпағанда, инфляцияның статистикалық өсімін де қамтымайтынын айтты. Айта кетейік, депутаттың ашуына қарамастан, бүгін Мәжіліс 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдап, Президентке қол қоюға жіберді.
Смайылов Еңбек министрлігінің қазақстандықтар мүддесіне сай келмейтін пассив ұстанымы туралы айтты.
"Халықты қорғау, үкімет алдына проблемалық мәселелерді көтеру жөніндегі белсенді ұстанымның орнына бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігіне сілтеме жасайды. Тиісті министрлік қарапайым қауымға айналды және халықты қорғаудағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін баяғыда жоғалтты деп есептейміз. Оны "Халықтан бюджетті қорғау министрлігі" деп атау керек. Мемлекеттік органда қазақстандықтардың еңбек және еңбек құқықтарын қорғау саласында да осындай белсенді жағдай қалыптасты", - деді депутат.
Ол ұтымды жоспарлау мен пайдалану арқылы мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейетінін, ол туралы еліміздің Есеп комитеті жыл сайын қорытынды жасап, жүздеген миллиард теңгенің қалай тиімсіз жоспарланып, игеріліп жатқанын көрсететінін айтты.
"2020 жылы бұл сома 570 миллиард теңге болды. Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы миллиардтаған, анық триллион долларды жымқыру осының айқын дәлелі", - деп түйіндеді депутат.
Смайылов өз өтінішінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектерге, бала күтіміне, көпбалалы отбасыларға және басқаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақы деңгейіне арттыруды сұрады.
"Біз тағы да баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын балалардың тұтыну қоржынын әзірлеуді және енгізуді ұсынамыз", - деп қосты депутат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!