Депутат Ескі Қазақстандағы рейдерлік туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Ескі Қазақстандағы рейдерлік туралы айтты Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министр мен бас прокурорға жолдаған сауалында Ескі Қазақстандағы рейдерлік жолмен басып алулар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министр мен бас прокурорға жолдаған сауалында Ескі Қазақстандағы рейдерлік жолмен басып алулар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саировтың айтуынша, 2000-жылдардан бері Ескі Қазақстан өкілдері жүйелі түрде кәсіпкерлерден табысты бизнесті тартып алып отырды.

"Билікте болған адамдар оларға ешқандай жаза болмайтынын қолданып, барлық құқықтық және моральдық нормаларды елемей, біреудің адал кәсібін озбырлықпен тартып алды. Мұндай "қара" жүйені Рахат Әлиев пен оның жақтастары қалыптастырды", - деді Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде зардап шеккен кәсіпкерлер өздерінен алынған мүлікті қайтаруды талап етіп отыр. Ол бірнеше адамды мысалға келтірді. Бұл туралы толығырақ - видеода.

"Демократия мен нарықтың басты қағидаты - жеке меншікті қорғау қағидаты. Адамдардың қолында барға және сенім артып отырған дүниесіне ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Сондықтан Бас прокуратура осы азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғау бойынша нақты қадамдар жасап, олардың мүлкін қайтару бойынша жұмыс істеуі тиіс", - деді Саиров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети