Депутат Глеб Щегельский қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Глеб Щегельский қайтыс болды Глеб Щегельский. © inbusiness.kz

Депутат Глеб Щегельский қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Глеб Щегельский қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Палатаның экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Глеб Щегельскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Ол ерекше адами және кәсіби қасиеттері бар, өте сезімтал, мұқият және жауапты адам еді. Ол Қазақстанның нағыз патриоты болды.

Глеб Анатольевич, сөзсіз, Қазақстанның заңнамалық базасын жетілдіруге елеулі үлес қосты.

Біз онымен заң жобалары мен түрлі өзекті тақырыптар бойынша жұмыс жасай отырып, көптеген мәселені талқыладық. Оның әр мәселені жан-тәнімен қарайтынын әрдайын байқайтынмын, ол жұмысқа толықтай берілетін. Ол үшін ел мен қоғамның мүдделері бәрінен жоғары еді.

Осы қиын сәтте оның туыстары мен жақындарына бүкіл депутаттық корпустың және жеке өз атымнан қайғырып көңіл айтамын.

Керемет адам, сенімді әріптес, пікірлес, Мәжіліс депутаты Глеб Анатольевич Щегельский туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжілістің V және VI шақырылымдарының депутаты Глеб Анатольевич Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети