12 наурыз 2014 | 15:24

Депутат Г.Сейітмағанбетова Мұнай зауытын Маңғыстауда салу тиімді болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©ardaktylar.kz фото ©ardaktylar.kz

Қазақстандағы төртінші Мұнай өңдеу зауытын Маңғыстау облысында салған жан-жақты тиімді болар еді. Мәжіліс депутаты Гүлнар Сейітмағанбетова Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында осындай ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі . "Төртінші зауыт салынатын орын барлық жағынан жан-жақты зерделеніп, аймақ немесе өңір деңгейінде емес, оның мемлекеттік деңгейдегі тиімділігі басты талап болуы шарт. Осы тұрғыдан алғанда жаңа мұнай өңдеу зауытын республикамыздағы кен орындарына жақын, ішкі нарықпен қоса сыртқа да дайын өнімді жеткізе алатын көліктік инфрақұрылымы жақсы дамыған аймақта салған тиімді болар еді", - деді Гүлнар Сейітмағанбетова Мәжілістің жалпы отырысында. Депутаттың айтуынша, кеңес үкіметі кезінде дәл осындай зауытты Маңғыстау облысында салу туралы шешім қабылданып, жобаның тиімділігі де дәлелденіп, барлық қажетті құжаттар бекітілген. Ақтау қаласының солтүстік-батысында, қаладан 40 шақырым қашықтықта келешек зауыттың орны да белгіленіп, жер телімі де бөлінген. Маңғыстау стансасынан зауытқа дейінгі 32 шақырымға теміржол салынып, жоғары кернеулі электр желісі де тартылды, автокөлік жолы да төселді. Өкінішке қарай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар кезінде Маңғыстаудағы зауыт құрылысы Үкіметтің шешімімен уақытша тоқтатылып, кейіннен сол күйі қалып қойған. "Мұнай зауытын Маңғыстауда салудың мемлекетіміз үшін тиімді тұстары баршылық. Біріншіден, бұл орын мұнай кен орындарына, яғни шикізат қорына жақын орналасқан. Екіншіден, дайын өнімді Маңғыстау мен Түркіменстан арасында салынған теміржол арқылы парсы шығанағы елдеріне, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказға, Әзербайжан мен Ресейге, одан әрі Еуропаға, сондай-ақ, теміржол арқылы көршілес жатқан Орталық Азия елдеріне бағыттап, сыртқы нарыққа шығаруға болады. Бұған қоса, Ақтау халықаралық әуежайының әлеуетін, Ақтау-Атырау автожол құрылысының салынып бітуге жақын екенін есепке алатын болсақ, Маңғыстауда салынатын мұнай зауытының аса тиімді, тоғыз жолдың торабында орналасқандығын көруге болады", - дейді депутат Г. Сейітмағанбетова. Оның сөзіне қарағанда, аталған өңірде мұнай зауытын салу экономикалық қана емес, саяси тұрғыдан да тиімді болмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке елімізді төртінші мұнай өңдеу зауыты салатын орынды нақтылауға тапсырма берген болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети