20 сәуір 2023 | 17:36

Депутат жүргізуші куәлігін беру қызметіне өзгеріс енгізуді ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзыретінен алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзыретінен алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Respublica фракциясының депутаты премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, онда жүргізуші куәлігін берудегі олқылықтар туралы айтты.

"Қазақстанда жыл сайын 10-15 мың жол апаты тіркеліп, 2 мыңға жуық адам қаза табады. Бұл жыл сайын жол үстінде үлкен бір ауыл тұрғындарының жоқ болып кетуімен парапар. 30 жылда жол апатынан қаза болғандар саны Ауған соғысында қаза тапқан КСРО әскер санынан 4 есе асып отыр. Жол апаты салдарынан туындайтын экономикалық шығынның көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын құрайды. Өкініштісі, жол апатынан қаза тапқандардың саны жыл сайын өсуде", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, жол апаттарының жиілеуінің негізгі себебі - емтихан тапсырмай, жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігі. Ондай көмекті емтиханды өткізуді ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері де, автоЦОН қызметкерлері де ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылар саны орташа есеппен 424 мың адамды құраса, ең төменгі жобамен олардың 10 пайызы - 42 мың адам куәлікті сатып алса, сатудан түскен ақшаның көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 миллиард теңгеден асады.

""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдау жөніндегі қызмет түрін үшінші тұлғаға заңсыз негізде беріп отыр. Бұл қызмет түрін нарыққа беру туралы шарт ешқандай заңда қарастырылмаған. Мердігер компанияға ақпарат қауіпсіздігі пен құрылғыларға қойылатын талаптар ескерілмеген. Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл мемлекеттік қызмет түрін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастау ұсынылады", - деді Құспеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети