02 ақпан 2022 | 13:56

Депутат қаңтарда шетелге жіберілген ірі аударымдар туралы мәліметті жариялауды ұсынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қаржы мониторингі агенттігіне қаңтардағы қайғылы жағдай кезінде Қазақстаннан шетелге жіберілген ірі қаржы аударымдары туралы ақпаратты жариялауды  ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қаржы мониторингі агенттігіне қаңтардағы қайғылы жағдай кезінде Қазақстаннан шетелге жіберілген ірі қаржы аударымдары туралы ақпаратты жариялауды  ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен тиісті сауалмен Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасына жүгінді.

Ол депутаттар он жыл ішінде Швейцария банктеріндегі "Панама тізімі", "Жұмақ құжаттары", қазақстандық шоттарға қатысты мәселелерді бірнеше рет көтергенін мәлімдеді.

"Tax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметтері бойынша, кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар жіберілді. Бұл - бүкіл елдің жылдық ЖІӨ мен оның сыртқы борышына тең. Кейбір ақпарат бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары кейінгі бес жылда капиталды шетелге заңсыз шығару дерегі бойынша екі жүзден аса іс қозғаған. Алайда бұл жұмыстың нақты нәтижелері, елге сол сомаларды қайтару туралы ештеңе белгісіз", - деді Раманқұлов Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, қоғамда қаңтар оқиғасы кезінде белгілі және құпия олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтарымен кетіп қана қоймай, шұғыл түрде шетел шоттарына үлкен сома аударғаны талқыланып жатыр.

"Осыған байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясының фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен: агенттік құрылған сәттен бастап офшорлық аймақтардан Қазақстан экономикасына қанша қаражат қайтарылғаны туралы ақпарат беруді; қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстаннан шетелге ірі қаражат аударылғаны туралы, осындай транзакцияларды жібергендер, жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат беруді сұрайды", - деді депутат.

Раманқұлов ел үшін қиын сәтте өмірін Қазақстанмен байланыстырмағандар көлеңкелі қаржысын алып кетті деген болжам айтты.

"Оларға қалаған жерінде өмір сүруге мүмкіндік беру керек. Бірақ олардың ақшасы халықтан ұрланған болса, қайтарылуы керек. Сондықтан осындай күмәнді транзакциялар болса, салық органдарынан осы жеке және заңды тұлғалардан ақша жіберілгені туралы мәліметтің заңдылығын растап, салық төлеу дерегін сұрату керек", - деп қорытындылады мәжілісмен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети