Депутат Қазақстандағы кейбір санаттағы қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Қазақстандағы кейбір санаттағы қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин архив ісінің мүшкіл жағдайы туралы айтты. Архив саласындағы өзекті мәселелерді ол өз депутаттық сауалында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин архив ісінің мүшкіл жағдайы туралы айтты. Архив саласындағы өзекті мәселелерді ол өз депутаттық сауалында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Архивтер әртүрлі ведомстволар арасында бөлініп, бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істей алмай отыр. Бір аймақта олар мәдениет басқармасына бағынса, екіншісінде цифрландыру басқармасына, ал үшіншісінде ақпараттандыру басқармасына қарайды. Бұл салаға немқұрайлылық танытуға және жеткіліксіз қаржыландыруға әкеледі. Төмен жалақыға байланысты мамандар жетіспейді, ал жұмыс сапасы көңіл көншітпейді", – деді Сатыбалдин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, ведомстволық архивтер әртүрлі мекемелерде әртүрлі меншік нысанында жұмыс істейтіндіктен, "Азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер" жүйесіне біріктірілмеген. Осы себепті қазақстандықтар жалақы немесе еңбек өтілі туралы қарапайым анықтамаларды алу үшін апталап жүруге мәжбүр.

"Кейде құжаттардың архивке уақытылы тапсырылмауына байланысты азаматтар еңбек өтілі секілді маңызды мәліметтерді растай алмай жатады. Бұл тұрғындарға үлкен қиындықтар туғызады. Мемлекет азаматтарға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге міндетті, ал қазіргі жағдай бұл қағидаларға қайшы келеді. Архивтерді цифрландыру мәселесі шешімін тапқан жоқ. Архивтік құжаттардың басым бөлігі қағаз күйінде сақталады, жыл сайын олардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігі нашарлап барады", – деп толықтырды мәжілісмен.

Бұған қоса, Сатыбалдин архив қызметкерлерінің жалақысының төмендігін атап өтті. Осыған байланысты ол архив жүйесін "Азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер" мемлекеттік корпорациясына біріктіруді және архив қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети