16 қыркүйек 2020 | 12:36

Депутат қазақстандықтарға пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева коронавирустан қорғану үшін пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева коронавирустан қорғану үшін пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пневмококк инфекциясы балалар мен қарттарда жиі кездеседі. Инфекция негізінен ауа тамшылары арқылы тарайды.

Біз бәріміз коронавирустан қорқамыз, бірақ әлемдегі барлық пневмонияның ішінде COVID тек 4-5 пайыз, ал қалған 95 пайызы басқа тектес. Атап айтқанда, пневмококк. Пневмококқа қарсы вакцина 65 жастан асқан барлық адамға салынуы керек. Ал 19 жастан асқан адамдарға – қант диабеті, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы аурулары болған жағдайда", - деді депутат.

Ол Қазақстан 2010 жылдан бастап балаларға пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауды кезең-кезеңімен бастағанын атап өтті.

"Үкімет қаулысына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация екі ай, төрт ай және 12-15 ай жасында үш рет жүргізіледі. (... ) Осыған байланысты құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әлеуметтік сақтандыру қорын қаржыландыру есебінен тұрғындарды шұғыл вакцинациялау мәселесін қарастыруды сұраймыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети