Депутат көлігімен Мәншүк Мәметованың ескерткішіне қалай соғылғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат көлігімен Мәншүк Мәметованың ескерткішіне қалай соғылғанын айтып берді Амангелді Таспихов. ©Mail.ru

Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты Орал қаласындағы жол-көлік апатын түсіндіріп берді. Ол Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылған болатын, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты Орал қаласындағы жол-көлік апатын түсіндіріп берді. Ол Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып соғылған болатын, - деп хабарлайды "Мой город".

Халық қалаулысының айтуынша, ол тізгінде отырғанда талып қалған. "Мен оны (жол-көлік оқиғасын - басылым ескертпесі) қасақана жасаған жоқпын. Өзімді әлсіз сезініп, бір сәтке талып қалдым, соған қарағанда аяғым газда қалып қойып, көлік алға қарай жүріп кетті. Мен көлік жолдың жиегінен бірақ шыққанда ғана ояндым", - деді Таспихов.

Осыған дейін "Мой город" жол-көлік оқиғасынан кейін депутаттың фототілшінің ар-намысына тиетін сөз айтқанын жазды. Таспихов бұл әрекеті үшін кешірім сұрады. "Кешірім сұраймын, ол жақта адам көп еді, өз атыма қорлау мен қорқыту сөздерін естідім, сондықтан ашумен жауап қаттым немесе кетуін қаладым, кешірім өтінемін. Бұл эмоциям. Сондай жағдайда болдым, тіпті дәрімді таппай қалдым. Тілшілеріңізге сөз айтсам, кешірім сұраймын", - деді депутат. Ол мас болмағанын және жол-көлік оқиғасынан кейін алкогольге тестілеуден өткенін айтты. 

Оқиға 26 шілдеде күндізгі уақытта болды. Жол-көлік оқиғасының куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen Passat CC Достық даңғылымен келе жатып, бұрыла алмай қалған да алаңға қарай жүріп кеткен. Қоршауды бұзған ол гүлзарды басып өтіп, ескерткішке соғылған.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети