Депутат Косарев Сағынтаевтың жер мәселесі жөнінде жазатын естелікнамасына атау тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Косарев Сағынтаевтың жер мәселесі жөнінде жазатын естелікнамасына атау тауып берді Вячеслав Косарев. © Тұрар Қазанғапов

Депутат Владислав Косарев Сағынтаевтың жер мәселесі жөнінде жазатын естелікнамасына атау тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты мәжілісмен жер реформасы жөніндегі кеңестің үшінші отырысы барысында жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Владислав Косарев Сағынтаевтың жер мәселесі жөнінде жазатын естелікнамасына атау тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты мәжілісмен жер реформасы жөніндегі кеңестің үшінші отырысы барысында жасады.

"Құрметті ұжымдастар, біз осында талқыланған мәселелерді қорытындылауға таяп қалдық. Менің ойымша, Бақытжан Әбдірұлы, сіз өз жұмыстарыңыз туралы естелік жазатын кезде оны "Жер жөніндегі жалпыхалықтық форум" деп атаңыз", - деді Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

"Естелік жазғанды ұнатпаймын. Кітап оқығанды көбірек жақсы көремін", - деді вице-премьер.

"Біздің осында отырып шындықты айтқанымызға адамдардың көңілі толады. Дегенмен бұл әңгімелерге осы жермен қолын жылытып отырғандар риза болмайды, ал мұндайлар өте көп. Біздің комиссия осы бағытта жұмыс істеу үшін негіз қалап жатыр. Менің ойымша, үкіметтің ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету мәселесін қарауы - біз үшін дұрыс емес. Біз ауыл шаруашылығымызды Канададан әкелген техникалармен қамтамасыз ете алмаймыз ғой. Өзіміз шығаруымыз керек. Жол талғамайтын көліктер шығардық, ауыл шаруашылығына қажетті техниканы неліктен шығара алмаймыз. Менің ойымша, машиналарды елімізде шығаруды қолға алу керек", - деді мәжілісмен.

Владислав Косарев республикада ауыл шаруашылығын дамыту үшін бірнеше мысал келтірді.

"Кеңестік Қазақстан кезінде бізде 36 миллион ауданды жыртуға 550 мың трактор болды. Қазір бізде 180 мың трактор бар, оның 130 мыңы 14-15 жыл болған көне техника. Жердің барлығын өңдей алмаймыз. Менің ойымша, жер жыртуға тракторларды пайдалану керек", - деді депутат.

"(...) Біз жерді көтере аламыз, дегенмен бірінші оны немен тыңайтатынымызды ойлауымыз керек. Жерден көптеген биологиялық ресурс алдық, оны қайта қалпына келтіру үшін көп жыл керек. Жер - тірі ағза, сондықтан да одан алған нәрсемізді қайтару керек", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети