Депутат Kyzdar.net сайтын бұғаттау туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Kyzdar.net сайтын бұғаттау туралы айтты Фото:depositphotos.com

Сенат депутаты әрі бұрынғы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтан Қазақстанда атышулы Kyzdar.net сайтын неге әлі толық бұғатталмай жатқанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты әрі бұрынғы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтан Қазақстанда атышулы Kyzdar.net сайтын неге әлі толық бұғатталмай жатқанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаевтың айтуынша, қазіргі интернет-ресурстар бұғаттауды айналып өтуге бейімделіп алған, мысалы, доменді аздап өзгерту арқылы қайта қолжетімді бола береді.

"Менің құқық қорғау органдарындағы жеке тәжірибем (Қожаев - полицияның генерал-лейтенанты, бұрынғы ІІМ вице-министрі - еск.) бұл құбылыспен күресуге тырысатынымызды көрсетіп отыр. Бірақ қазіргі жүйелер, әсіресе интернет-ресурстар қалай ерекшеленеді? Тек IP-адресті сәл өзгертсе... Мысалы, "Kyzdar.net" дегеннен нүктені алып тастаса, бұл мүлде жаңа, бұғатталмаған ресурс болып шыға келеді. Бұғаттаудан айналып өтудің жолдары өте көп", - деді Қожаев.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов Kyzdar.net сайты Қазақстанда бұғатталғанын мәлімдеген еді. Сайтты ұйымдастырушылар жазаға тартылған, кейбіреулеріне қатысты сот процестері әлі де жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети