Мәжілістің жалпы отырысына депутат Мақсат Толықбаев өзімен қазақстандықтардың 8 мыңнан аса өтінішін алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысына депутат Мақсат Толықбаев өзімен қазақстандықтардың 8 мыңнан аса өтінішін алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісмен премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, Алматы облысындағы саяжай тұрғындарының мәселелерін айтты.
"Мен саяжайларда тұрып жатқан, бюджеттен бір тиын да көмек алмайтын адамдардың аянышты жағдайын өз көзіммен көрдім. Расында, жағдай өте қиын, халықтың шыдамы таусылып барады. Мен өзім адамдармен кездестім. Өтініштер көп. Мен өзіммен 8 мыңнан аса өтініш әкелдім. Міне, осы өтініштердің барлығы", — деді депутат бір қорап құжатты көрсетіп.
Ол облысқа өзі келіп, Қонаев, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл және Іле аудандарында 674 саяжай бар екенін білгенін айтты. Ондағы тұрғындардың саны 500 мыңға таяп қалады. Бұл ретте жақын жерде қажетті инфрақұрылым жоқ: мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, медициналық қызмет көрсету, асфальт, пошта бөлімшесі, байланыс тораптары, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік нысандар.
Депутат бұл мәселе тек Алматы облысында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де бар екенін айтты. Толықбаевтың пікірінше, үкімет мәселені шешу үшін тез арада арнайы бағдарлама әзірлеуі керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!