Депутат "нұррейтингілер" туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат "нұррейтингілер" туралы ойын айтты Жұлдыз Омарбекова

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Омарбекова "нұртелеарна" мен "нұррейтингілерге" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Омарбекова "нұртелеарна" мен "нұррейтингілерге" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Nur Otan партиясының орталық аппаратында денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров қазақстандық жастар арасындағы суицид, аборт, туберкулез және ерте жастағы жүктілік мәселелері туралы баяндама жасады.

Депутат Жұлдыз Омарбекова вице-министрдің баяндамасын көлемді әрі ақпаратқа толы екенін айтты. 

"Сіздің жұмыс істеп жүргеніңізді көрдік, бірақ менің ойымда үнемі бір сұрақ жүреді. Тұрғындар "Бұл нұротандықтар нұртелеарнаны көріп, нұррейтинг жасайды" дейді. Сіздердің "нұррейтингілеріңізді" көрген кезде жақсы өмір сүреміз. Өз-өзіне қол жұмсау бойынша бәленбайыншы орындамыз дейсіздер, бірақ ДДСҰ мәліметінше, біз үшінші орындамыз", - дейді депутат. 

Депутат Омарбекова вице-министрден жастар арасындағы мәселеге қатысты нақты шара қабылдауын сұрады. 

"Біз ешкімге айып тақпаймыз, мақсатымыз сіздер жаман жұмыс істеп отырсыздар деп айту да емес. Сіздер жақсы жұмыс істеуге талпынып жатырсыздар. Мен өзім де вице-министр болғанмын және ол өте ауыр жұмыс екенін білемін. Бірақ ақталмай-ақ қояйықшы. Мәселе бар - соны шешейік. Елдегі суицид пен абортқа қатысты мәселені не істейміз. Жол картасын дайындаймыз деп айтудың қажеті жоқ", - деді Омарбекова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети