24 сәуір 2014 | 15:15

Депутат Өзбекстанмен арадағы су мен газ мәселесін шешуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуаныш Айтаханов Фото Тengrinews.kz Қуаныш Айтаханов Фото Тengrinews.kz

Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаевтан Өзбекстанмен арадағы кейбір мәселені реттеуді сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаевтан Өзбекстанмен арадағы кейбір мәселені реттеуді сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мыңдаған шекара бойындағы ортақ су мәселесінде атқарушы билік келісімге келіп, екі жаққа тиімді пайдалану туралы шешімге шығарады. Алайда өзбек тарапы бұған келіскенімен, ең ыстық шілде, тамыз айларында ол келісімді бұзып, қазақ диқандары судан тапшылық көруде. Осы мәселені шешуді жеделдетіп қолға алсаңыздар", - деді бүгін Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов Жоғарғы Палатаға келген Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаевқа бағыттап.

Сенаттың жалпы отырысына Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаев "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын әкелген еді. Алайда талқылау барысында депутаттар екі ел арасындағы орын алып отырған кейбір келеңсіз жайттарды реттеуді сұрады.

"Қазақстанның оңтүстік аймағы Өзбекстаннан жеткізілетін газды тұтытынады. Бұған да екі ел арасында арнайы келісімшарт жасалынады. Ақшасы алдын ала төленіп, лимит белгіленеді. Бірақ қыстың суық күндерінде Өзбекстан әр түрлі себептерді пайдаланып, газ көлемін қысқартып тастайды. Оңтүстікте Шымкент қаласы қатты тапшылық көреді. Осыған ұқсас шекарада да түрлі түсініспеушіліктер болып жатады. Меніңше бұл кейбір ведомство басшыларының өз ісіне жауапсыз қарауынан орын алып отыр. Екі ел басшылары қол қойған мәңгі достық туралы келісім бар. Осы елмен арадағы стратегиялық шарттарға байланысты дер кезінде орындалып отырған", - деді Айтаханов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети