02 қыркүйек 2021 | 16:35

"Күлкілі" - депутат қаржы министрлігінің мораторийді жою туралы өтінішіне жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбек Паяев и Ерулан Жамаубаев. Айбек Паяев и Ерулан Жамаубаев.

ҚХП-ның мәжіліс депутаты Айбек Паяев қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді жою туралы өтінішіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚХП-ның мәжіліс депутаты Айбек Паяев қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді жою туралы өтінішіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Паяевтің айтуынша, пандемия кезінде шенеуніктер кәсіпкерлерді тексере бермей көмектесуі керек. Бұрын Салық комитетінде жұмыс істеген депутат Қаржы министрлігі басшысының өтінішін сынға алды.

"Мен министрдің алаңдаушылығын түсінемін, қазынаны толтыру туралы жоспар бар. Бірақ ол сол жоспарды орындау үшін дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Мораторийдің үш жылында бюджет 200 миллиард жоғалтқанын білеміз. Бірақ 15 триллион кіріс бар. 0,3 пайыздық айналымдағы бизнестен пайда іздеуге бола ма? Бұл күлкілі", - дейді Паяев.

Мәжілісмен мемлекет пен қоғам арасында келісім болуы тиіс екенін айтты.

"Шағын және микробизнес дами берсін. Ия, олар салық төлеуі керек. Мысалы, бүгінде Ashyq-сыз ешкім жұмыс істемейді. Бірақ неге POS терминалдары жоқ? Мен қаржы министрі мен бүкіл ведомствоның назарын осы олқылықтарға аударғым келеді. Нақты қай жерден салық іздеу керегін білуі керек", - деді ол.

Паяев "Самұрық-Қазынаны" мысалға келтірді.

"Самұрық-Қазына" - тапсырыс беруші. Олардың көптеген тиімсіз жеткізушісі бар. Осыдан мынандай сұрақ туындайды: шығынын өтей алмай отырған кәсіпорындар ұлттық компаниямен қалай келісімшарт жасай алды? Компания мен жеткізушілер арасындағы барлық шартты ашық етіп жасайық, қандай компаниялармен жұмыс істейтінін, қай жерде тіркелгенін, жұмыс орындарын қамтамасыз ететінін көрейік. Олар не өндіреді және не жеткізеді? Салықты қалай төлейді? Міне, нағыз салық төлеушілерді осындай жерлерден іздеу керек!" - деп қосты депутат.

Қазақстан халық партиясы өкілінің пікірінше, сату салығын енгізген дұрыс.

"Сату салығын енгізейік. Көптеген олигарх топ бұған қарсы, барлығы қосылған құн салығымен қайтаруды қалайды. (...). Үлкен бизнеске ғана емес, бәріне бірдей қарайық. Сонда халық заңды түрде төлеуге ынталанады. Министр неліктен осындай тетіктерді қарастырмайды?" - деді Паяев.

Депутат жиі жүргізілетін тексерулер қазақстандық бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді деп есептейді.

"Мен үздіксіз тексеріс бизнесті өлтіретінін білемін. Қазір пандемия кезінде бір кәсіпорындар жұмыс істейді, біреуі істемейді. Түсініксіз. Мұны қалай реттеуге болады? Халықпен келісімге отыру керек. Маған сеніңіз, келісім болса барлық кәсіпкер салық төлеуге дайын, бастысы бітпейтін тексерістерді қою керек. Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз", - деді мәжілісмен.

ҚХП депутатының пікірінше, кейбір ведомство көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жеткіліксіз жұмыс жүргізіп жатыр.

"Көлеңкелі экономикамен ешкім айналыспайды - МКК де, қаржы мониторингі да. Бүгінде Қаржы министрлігі ақшаның қайда кететінін толық сұрауға және білуге құқылы. Бірақ бұл жасалмайды. Пандемия кезінде бизнесті қолдау керек, тексерумен айналыспау керек", - деді депутат.

Айбек Паяев жолдауында ұлттық компаниялардың шығынға батуына назар аударған Президенттің сөзін еске салды.

"Президент, компаниялар шығынға батса, оларды жабу керек деді. Мұндай кәсіпорындардың басшылары тоқтықтан құтырып жүргенін көріп отырмыз. Ендеше салықты кәсіпорыннан емес, жеке тұлғадан алған жөн. Ол миллиардер, жыл сайын Forbes-ке кіреді, бірақ қазынаға ақша әкелмейді. Байлар үшін салық жасайық, бюджетке 10 пайызын беріп отырады. Өйткені, Қазақстанда барлығы байып жатыр. Неліктен қаржы министрлігі мұндай мәселелерде тәртіп орната алмайды? Бұл абсурд", - деп түйіндеді Паяев.

Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын бизнесті тексеруге рұқсатты қайтарып, мораторийді алып тастауды сұраған болатын. Шенеуніктің айтуынша, бұл мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети