Депутат Қазақстан Парламентінің буфетіндегі ас мәзірін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Қазақстан Парламентінің буфетіндегі ас мәзірін көрсетті © 31.kz

Мәжіліс депутаты Қазақстан Парламентінің асханасындағы ас мәзірін көпшілікке паш етті, - деп хабарлайды "31 арна".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Қазақстан Парламентінің асханасындағы ас мәзірін көпшілікке паш етті, - деп хабарлайды "31 арна".

Кеше мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров Парламент буфеті жайлы Facebook әлеуметтік желісінде жазып, асханамызда бәрі тиын-тебен тұрады деп ойлайды, шындығында олай емес деп мұңын шақты. Бұл пікір депутаттар мен қоғам өкілдерінің қызу талқысына ұласты.

Халық қалаулыларының кейбірі әріптесін қостағанмен, мұндай буфеттерге кіретін уақыты жоқ екенін айтып жатқандар да болды. Ал депутат Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің ас мәзірінің суретін салып, жұрттың назарын аударды.

Мәзірде салаттардың бағасы - 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы - 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен. Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети