Депутат Салтанат Нүкенованың оқиғасын еске алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото instagram/_salta_n Фото instagram/_salta_n

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты түзетулерді қабылдады. Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуға түрткі болған Салтанат Нүкенованың өлімін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты түзетулерді қабылдады. Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуға түрткі болған Салтанат Нүкенованың өлімін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық қорқынышты мәселе, оған статистика бойынша әйелдер мен балалар жиі ұшырайды. Жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жүздеген азамат қайтыс болады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында. Салтанат Нүкенованың жантүршігерлік өлімі қоғамда наразылық толқынын тудырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды қолдайтын онлайн петиция жарияланып, оған 150 мыңнан аса қол жиналды", - деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында петицияны қолдап, қазақстандықтардың пікірі ескерілетініне уәде бергенін еске салды.

"Осының негізінде бүгінде заң тағы да қатайтылды, енді дене жарақатын келтіру және денсаулыққа жеңіл зиян келтірумен байланысты қылмыстарға жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстырылды. Осылайша, ұрып-соғу, тіпті денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деректері Қылмыстық кодекс аясында қаралады", - деді депутат.

Ол Amanat фракциясы бір топ депутаттар бастамашы болған әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдауды қолдайтынын атап өтті. Отырысқа қатысқан 93 депутаттың 91-і түзетулерді қолдап дауыс берді. Бір депутат қалыс қалды, біреуі қарсы дауыс берді.

Әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түрлерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro