“Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ, Президент квотасы болмайды“ - Тоқаев жаңа Парламент туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ, Президент квотасы болмайды“ - Тоқаев жаңа Парламент туралы Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мен биылғы Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді.

Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде", - деді Президент.

Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Президенттің айтуынша, ұндай ұстаныммен қарайтын болса, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар.

"Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети