Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов жеке сот орындаушыларының нашар жұмысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов жеке сот орындаушыларының нашар жұмысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінге дейін Үкіметтің сот орындаушылары құрылымын қайта жасақтағаннан кейін тиісті комитеттер мен аймақтық департаменттер қысқарды. Негізгі күш жеке сот орындаушыларға түсуі керек болған. Бірақ бұл процесс ұйымдасқан түрде емес, бақылаусыз өтіп жатыр, оның соңы жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылармен және заңды тұлғалармен бірігіп, тұтасып кетуіне әкеп соқтырады", - деді ол Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов пен әділет министрі Берік Имашевке депуттатық сауал жолдап.
Сенатордың айтуынша, бұл қателіктер әсіресе екінші деңгейдегі банктар мен оларға қызмет көрсететін жеке сот орындаушылардың қарым-қатынасында байқалады. "Құзырлы мемлекеттік органдардың осы жылдың 9 айының көрсеткіші бойынша көрсетіліп отырған шикіліктері мемлекеттік сот орындаушылардың онсыз да атқару деңгейі жоғары емес сот шешімдері 12 пайызға қысқарды. Ал осы тенденция көбейіп кетуі мүмкін", - деді ол.
Депутат алимент төлеу және коммуналдық төлемдер, әкімшілік айыппұлдар мен өзге де шешімдер сияқты әлеуметтік маңызы бар сот шешімдері осындай деңгейде болған жағдайда атқару деңгейі бірден нашарлайтынын айтты. "Екінші деңгейдегі банктер мен жеке сот орындаушыларының бірігуінен азаматтар мен заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары жиі бұзылады да оның нәтижесінде азаматтардың наразылық білдіретін және суицидке апарып соқтыратын жағдайларды туындатады", - деді ол.